Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін бөгде компанияларға басқаруға беру туралы тараған ақпарат шындыққа сай емес, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бұл мәліметті жоққа шығарды. Кәсіпорын Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің операторы болып табылады.
«Қаланың су құбыры-канализация шаруашылығын басқару функцияларын басқа компанияларға беру жоспарланбаған. Сондықтан Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін бөгде компанияға беру туралы ақпарат шындыққа сай емес», — деп атап өтті су құбыры мекемесінде.
Баспасөз қызметі Қазақстанда көрінеу жалған ақпарат тарату үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Әлеуметтік желі қолданушыларынан мәліметтерді жарияламас бұрын оның растығын тексеруге шақырды.
