Қазгидромет синоптиктері 20, 21 және 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 20 қарашада айнымалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіздің бірінші жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кейде тұман түседі. Жел 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +3+5°С.
21 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +5+7°С.
22 қарашада айнымалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Жел екпіні 20 метр/секундқа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +6+8°С.
Алматыда 20 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С.
21 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С.
22 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +14+16°С.
Шымкентте 20 қарашада айнымалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Түнде жел екпіні 20 метр/секундқа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +18+20°С.
21 қарашада айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр, күндіз найзағай. Жел 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +18+20°С.
22 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 13 метр/секундқа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +18+20°С.
