Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы бойынша, Астана мен Алматыда қар мен жаңбыр жауады, ал Шымкентте температура +14°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 14 қарашада ауыспалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз -1+1°С.
15 қарашада ауыспалы бұлтты, түнде қар, көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр. Температура түнде -1-3°С, күндіз 0+2°С.
16 қарашада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз 0+2°С.
Алматыда 14 қарашада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Температура түнде -2-4°С, күндіз +5+7°С.
15 қарашада ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +5+7°С.
16 қарашада бұлтты, түнде қар. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Температура түнде -5-7°С, күндіз +2+4°С.
Шымкентте 14 қарашада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +10+12°С.
15 қарашада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр. Температура түнде +1+3°С, күндіз +11+13°С.
16 қарашада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.
