3 қыркүйек 2026 жылы Орал, Ақтөбе, Астана, Алматы, Атырау және Өскемен тұрғындары қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған ескертуге сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластанудың басқа көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады.
Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек, – делінген хабарламада.
