...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тұрғын үй кешенінің паркингінде өрт: 100 адам эвакуацияланды

Алматыдағы Бостандық ауданында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйдің паркингінде электр кабелі тұтанып, салдарынан 100-ге жуық адам, оның ішінде 19 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға Абай даңғылындағы тұрғын үй кешенінде болды. Өрт ауданы 5 шаршы метрді құраған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен.

Құтқарушылар баспалдақпен 100-ге жуық адамды, оның ішінде 19 баланы эвакуациялады. Көп ұзамай өрт толығымен сөндірілді. ТЖМ өкілдері зардап шеккендердің жоқтығын атап өтті.