
7 маусымда Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жол жүруді жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 7 маусымда ҚМЖ Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Талдықорған қалаларында, түнде Алматы, Ақтөбе және Атырауда болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ туындаған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ұсынылады:
• өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру қажет;
• ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтырумен және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Еске сала кетейік, 7 маусымда Қазақстанда бұршақ, қатты жел және 35 градус ыстық күтіледі.
Дереккөз: Inform.kz