...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Астана, Алматы және Балқашта ауаның ластануы күтіледі

2026 жылғы 8 маусымда Алматы мен Балқашта, ал түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жол жүруді жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл жер бетіне жақын атмосфералық ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендерден бас тартуы керек;
  • өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі қажет;
  • ашық ауада дене белсенділігін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.

Бұған дейін 8 маусымға Қазақстанның 17 облысында және Астанада дауылды ескерту жарияланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz