
Медеу ауданындағы Мынжылқы шатқалында теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте туристік топтың бір мүшесі Малыш шыңынан түсу кезінде құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Турист 2007 жылы туған.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккенді жедел тауып, оған алғашқы көмек көрсетіп, эвакуациялауға кіріскен.
Қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін турист ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. Тағы үш топ мүшесі құтқарушылармен қауіпсіз жерге шығарылып, медициналық көмек қажет етпеді, — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Алматы тауларында шетелдік студент құтқарылған болатын.
Дереккөз: Inform.kz