Қазақстанның үш ірі қаласы — Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары 15-17 қазан аралығында жауын-шашынсыз ауа райын күтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 15 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел жылдамдығы секундына 8 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +6+8°С.
16 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +8+10°С.
17 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +9+11°С.
Алматыда 15 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +16+18°С.
16 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С.
17 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +14+16°С.
Шымкентте 15 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С.
16 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С.
17 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 13 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.
