...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы облысында үшеу бір адамға шабуыл жасап, көлікке оқ атқан

Алматы облысының Іле ауданында үш адам бір адамға тұтқиылдан шабуыл жасап, көлікке оқ атқан. Оқиғаның салдары бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Желіде тараған жазбада бейнежазба авторы Алматы облысының Іле ауданында үш адамның бір адамға кенеттен шабуыл жасағанын және көлікке оқ атқанын мәлімдеген. Сондай-ақ автор оқ тиген тесіктері бар көлікті көрсеткен.

Алматы облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 14 қазанда Іле ауданының Қосөзен ауылында болған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Онда қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын қосты. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі.