...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда оқушылар жаппай уланған соң қылмыстық іс қозғалды

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы ауруханаға түскеннен кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаменті Instagram парақшасында Бостандық ауданының полиция бөлімі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Тергеу шараларының кешені, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет сараптамасының қорытындысы негізінде болған жағдайдың мән-жайы анықталып, іс жүргізу шешімі қабылданады.

Бұған дейін Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны хабарланған. Осыдан кейін мектепте тексерулер басталды.

Кейін Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы соңғы деректер бойынша 48 білім алушы ауруханаға жатқызылғанын, тағы 6 бала интернатта оқшауланып, дәрігерлік бақылауда екенін хабарлады.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектепте қандай бұзушылықтар анықталғанын атап, шара қабылдау туралы пікір білдірді.

Оқу орнының өзінде білім алушылар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілгені мәлімделді.