...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы мектеп оқушыларының жаппай улануы: 48 бала ауруханада

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызылған оқушылар туралы жаңартылған мәліметтерді жариялап, олардың жағдайы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскені жазылған болатын. Осыдан кейін мектепте тексерулер басталды.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне соңғы деректер бойынша 12-14 қазан аралығында қалалық инфекциялық ауруханаға 48 оқушы жатқызылғанын, тағы 6 бала интернатта оқшауланып, медициналық бақылауда екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты. Реанимациялық шараларды қажет ететін жағдайлар жоқ», — деп нақтылады басқармада.

Сондай-ақ барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқаны атап өтілді. Оларды емдеу үшін барлық қажетті жағдай жасалған, пациенттер медицина мамандарының тұрақты бақылауында.