3 тамыздан 14 тамызға дейін Алматының жеті ауданында жылу желілерінің гидравликалық сынақтары өтеді. Тұрғындарды ықтимал төтенше жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, жұмыстар қаланың жеті ауданын қамтиды. Күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін мамандар магистральдық және тарату құбырларын тексереді. Компания тұрғындар мен қонақтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
«Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар: судың жер бетіне шығуы, жол төсемінің ішінара бұзылуы ықтимал», — деп ескертті «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Мұндай оқиғалар болған жағдайда алматылықтарды қауіпті жерге жақындамауға және дерек авариялық қызметтерге немесе 109 нөміріне хабарлауға шақырады. Сынақтар Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Наурызбай аудандарында өтеді. Әр учаскеге жеке жұмыс кестесі бекітілген.
«Көрсетілген аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толық сақталады», — деп атап өтті компанияда. Мамандардың түсіндіруінше, гидравликалық сынақтар жылу маусымы басталар алдында жүргізіледі. Олар жылу желілері мен жабдықтардың жағдайын тексеруге, сондай-ақ жөндеуді қажет ететін құбыр учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Nur.kz