Алматыда теміржол өткелінде жүк көлігі мен пойыз соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға Түрксіб ауданында тіркелген. Алдын ала мәліметтер бойынша, КАМАЗ жүк көлігі маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кеткен. Сол жерде тоғыз вагоннан тұратын пойызбен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан КАМАЗ жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін Алматыда қоғамдық автобус үш тұрған көлікті соққанын хабарлаған болатынбыз. Жүргізушінің айтуынша, ол «сыймай қалған».
Дереккөз: Zakon.kz