Алматыда қалалық қызметтердің тұрғындар өтініштерімен жұмысы бойынша аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Кеңес барысында 109 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысы, өтініштердің орындалу мерзімі мен сапасы, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен профильді басқармалардың қатысуын талап ететін мәселелер қаралды.
Қала әкімі азаматтардың өтініштерінің орындалуын бақылауды күшейтуді, басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды және проблемалық мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз етуді тапсырды.
«Тұрғындар тек жауаптарды ғана емес, нақты нәтижелерді де уақытылы алуы тиіс», — деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Дереккөз: Almaty.tv