Алматыдағы көмір базаларын Алматы облысына көшіру жоспарланып отыр, ал қазіргі алаңдардың жалдау шарттарын бұзу жұмыстары 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қаладағы көмір базаларын облыс аумағына шығару туралы шешім қабылданған. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған нысандардың жер учаскелерін жалдау келісімдерін тоқтату мерзімі нақтыланды.
Жалдау шарттарын бұзу рәсімін 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.
