Алматы метросының вагонында былапыт сөзбен болған жанжал әйелге айыппұл салумен, ал ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алумен аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Метро вагонындағы тәртіпсіздік салдарынан екі адам жауапкершілікке тартылды. Әйел адамға айыппұл салынса, ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.
