Алматылық журналист тұрғын үй кешенінің заңсыз салынып жатқаны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 43 млн теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 13 қарашадағы ресми жарияланымға сәйкес, сотқа жүгінуге журналистің YouTube-тегі «Г» арнасында және Instagram әлеуметтік желісіндегі «В» парақшасында жариялаған бейнематериалдары мен жазбалары себеп болған. Онда жауапкер тұрғын үй кешенінің заңсыз салынып жатқаны және құрылыс салушыда қажетті рұқсат құжаттарының жоқтығы туралы мәліметтерді шектеусіз адамдар тобына таратқан.
Сот тараптар ұсынған дәлелдемелер мен сот сараптамаларының қорытындыларын зерттеп, Борейко таратқан мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады.
Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды:
- YouTube-тегі «Г» арнасында және Instagram-дағы «В» парақшасында таратылған мәліметтер шындыққа сәйкес емес және серіктестіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп танылды;
- блогерге сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде өз есебінен аталған интернет-ресурстарда теріске шығару жариялау, сондай-ақ даулы жарияланымдар мен үзінділерді жою міндеттелді;
- серіктестік пайдасына журналистен 43 млн теңгеден астам шығын және сот шығыстары өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бір күн бұрын, 12 қарашада, Маңғыстау облысында ерлі-зайыптылар 3 млн теңге бопсалағаны үшін сотталды. Олар өздерін полицейлер ретінде таныстырып, интимдік қызметтерді пайдаланған клиенттерді бопсалаған.
