...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Спорт

Алматылық дзюдошы Гусман Қырғызбаев Qingdao Grand Prix 2026-да күміс алды

Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан халықаралық Qingdao Grand Prix 2026 турнирінде алматылық спортшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Гусман Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жарысқа 58 елден 500-ден астам спортшы қатысуда.

Финалға дейінгі жолда Гусман Қырғызбаев Моңғолия, Черногория, Әзірбайжан және Бразилия өкілдерін жеңді.

Финалдық белдесуде қазақстандық дзюдошы Жапониядан келген екі дүркін олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша алматылық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Бұл награда Қазақстан құрамасының Qingdao Grand Prix 2026-дағы алғашқы медалі болды және алдағы халықаралық старттар қарсаңында спортшының әлемдік рейтингтегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Almaty.tv