Алматыда 25 маусымнан бастап үш көшенің бірнеше учаскесінде бір бағытты қозғалыс енгізілді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жаңа схема бойынша бір бағытты қозғалыс келесі учаскелерде ұйымдастырылады:
- Прокофьев көшесінде Абай даңғылынан Кіші Абай көшесіне дейінгі аралықта солтүстік бағытта;
- Кіші Абай көшесінде Прокофьев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытта;
- Түркебаев көшесінде Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта солтүстік бағытта.
Мұндай өзгерістер көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдардағы қақтығыс жағдайларының санын қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Басқармада бұл шешім көлік жағдайын талдау және аудан тұрғындарының өтініштерін ескере отырып қабылданғанын айтты.
Жаңа схема көлік қозғалысын ретке келтіруге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бір бағытты қозғалыс пилоттық режимде енгізілуде. Мониторинг және қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша осы учаскеде жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша одан әрі шешімдер қарастырылады, — деп қосты қала әкімдігінде.
Еске салайық, бұған дейін 18 маусымнан бастап Достық даңғылының, Зенков және Атамәкен көшелерінің учаскелерінде де бір бағытты қозғалыс енгізілген болатын.
Дереккөз: Nur.kz