...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматылық алимент төлемеген әке 5 млн теңгеден астам қарыз болып, бір жылға бас бостандығы шектелді

Алматы прокуратурасы алимент төлемеген ер адамға қатысты үкім шыққанын хабарлады. Ол баласына 5 млн теңгеден астам алимент қарыз болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Прокурорлардың мәліметінше, Алматы соты ер адамды алимент төлеуден жалтаруда кінәлі деп танып, оны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен. Ол алты жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласына алимент төлеу туралы сот шешімін орындамаған.

Қарыз сомасы 5 млн теңгеден асты. Бірнеше рет ескертуге қарамастан, борышкер ұсынылған жұмыстан бас тартты, сондай-ақ таксиде жұмыс істеп, табысын жасырып, оны алимент төлеуге жұмсамады.

Бұған дейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бірақ міндеттемелерін орындаудан жалтара берген.

Прокуратурада бүгінде Алматыда алимент бойынша 227 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын қосымша айтты.

Дереккөз: Nur.kz