Бас прокуратура Қытайдан Қазақстанға тауарлардың экономикалық контрабандасы туралы істі тергеп жатыр. Мемлекетке келтірілген залал 2,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мемлекетке 2,7 млрд теңгеден астам залал келтіргені анықталды. Істе 37 кәсіпорын фигурант ретінде тіркелген, алайда залал тек екі аффилиирленген компания — «Metlink» және «Urban Green» арқылы келтірілген.
2026 жылғы 5 тамызда ҚПК-нің 128-132-баптары бойынша, ҚК-нің 262-бабы 1,2-бөліктері (ұйымдасқан топты басқару және оған қатысу), 234-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (қылмыстық топ жасаған экономикалық контрабанда), 236-бабы 3-бөлігі (қылмыстық топ жасаған кедендік төлемдерді төлемеу) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ҚР азаматтары «Ш» және «А» ұсталып, Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген қадағалау органының хабарламасында.
2026 жылғы 7 тамызда тергеу соты аталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, істің өзге мәліметтері жария етілмейді.
Дереккөз: Nur.kz
