
Алматы полициясы Бостандық ауданында бір тұрғынның көлігін былапыт сөздер мен «10 см» деген жазумен бүлдірген адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Instagram-дағы Meganews_almaty парақшасында көлікке түсірілген сурет жарияланды. Онда белгісіз біреу көлікке былапыт сөздер мен «10 см» деген жазуды қалдырған. Жарияланымда айтылғандай, көлік иесі полицияға мүлікті бүлдіру туралы арыз жазған.
Қазіргі уақытта қажетті іс жүргізу шаралары тағайындалды. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде, мүлікті бүлдіруге қатысы бар адамды анықтау үшін шаралар қабылдануда. Мұндай құқыққа қайшы әрекеттер құқықтық бағасыз қалмайды – тексеру нәтижесінде кінәлі тұлға заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады, – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: Nur.kz