Алматыға Сиань (ҚХР) – Алматы бағыты бойынша халықаралық туристік пойыз келді. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік теміржол қатынасын дамыту аясында ұйымдастырылды. Пойыз құрамында Қытайдың әртүрлі аймақтарынан 60-қа жуық турист келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Пойыз 29 маусымда Сиань қаласынан жолға шығып, Хоргос станциясы арқылы мемлекеттік шекарадан өтті. Қазақстан аумағында жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған пойызбен сапарларын жалғастырды. Қозғалыс ыңғайлылығы үшін маршрут ерекшеліктері мен халықаралық қатынаспен түйісуді ескеретін арнайы кесте жасалды.
Алматыда болу кезінде туристер қаланың мәдени және туристік әлеуетімен танысып, негізгі көрікті жерлерін аралап, экскурсиялық бағдарламаға қатысады.
Туристік пойыздың Алматыдан кері жөнелтілуі 6 шілдеге жоспарланған. Одан кейін туристер Хоргос станциясы арқылы Қытайға қайтады.
Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және туристік ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, теміржол туризмін дамытуға және Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған негізгі бастамалардың қатарына кіреді.
Дереккөз: Almaty.tv