...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматыдан Қазақстан заңын бұзған 35 Үндістан азаматы шығарылды

Алматыдан Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған 35 Үндістан азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Барлық шетелдіктер рұқсат етілген мерзімнен артық болып, ел аумағында заңсыз жүрген.

Мақсатты іс-шаралар барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бұзушылардың орналасқан жерін анықтап, оларды ұстады. Сот шешімімен олардың барлығы Қазақстаннан депортацияланды.

— Полиция қызметкерлері олардың әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейінгі кету рәсімін сүйемелдеді, — деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Сонымен қатар, шетелдік азаматтардың болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың елден кетуіне уақтылы шара қолданбаған қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция көші-қон заңнамасын шетелдік азаматтар да, оларды қабылдайтын адамдар да сақтауға міндетті екенін еске салды.

Еске салайық, шілде айының басында Түркиядан 2021 жылы іздеу жарияланған қазақстандық әйел депортацияланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz