
1 мамырдан бастап Алматы мен Оңтүстік Кореяның Пусан қаласы арасында тікелей әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Рейстерді EasterJet әуекомпаниясы аптасына екі рет орындайды. Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласын Алматымен байланыстырып, елдер арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды нығайтады, саяхаттарды қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.
Әкімдік мәліметінше, оңтүстіккореялық туристердің Алматыға деген қызығушылығы артып келеді. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.
Тікелей рейстің ашылуы туризмді, іскерлік белсенділікті және мәдени алмасуды дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызып, Алматының аймақтағы негізгі туристік бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтады.
Бұған дейін 2026 жылы Алматының халықаралық әуе желісінде бірнеше ел пайда болатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz