
1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында тікелей әуе қатынасы ашылады. Оңтүстік Кореялық әуекомпанияның рейстері аптасына екі рет орындалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы Пусанды Алматымен байланыстырып, елдер арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды нығайтып, саяхаттарды қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.
Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы артып келеді: 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.
Тікелей рейстің ашылуы туризмді, іскерлік белсенділікті және мәдени алмасуды дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасап, Алматының аймақтағы негізгі туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтады.
Дереккөз: Almaty.tv