...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы жол апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын бағалады

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Медеу ауданында болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға алты зардап шегуші жеткізілді. Ведомствоның мәліметінше, клиникалық және аспаптық тексерулерден кейін төрт науқасқа жоғарғы және төменгі аяқ-қолдың сынуы, ал екеуіне жұмсақ тіндердің жарақаттары мен көгеруі диагнозы қойылды. Бір науқас операциялық ем жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды.

Қалған зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қарап тексеруден және зерттеуден кейін олар тіркелген жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді.

Еске салайық, 9 маусым күні таңертең Audi көлігінің жүргізушісі Зенков көшесімен келе жатып, бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осыдан кейін көлік тұрған Toyota-мен соқтығысып, ол Subaru-ды қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Inform.kz