...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 71 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Түрксіб ауданында 71 жастағы ер адам қайтыс болды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі уақытта жеке үйлердің бірінен 71 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Зейнеткер тірі кезінде бірқатар ауыр сырқаттармен ауырғаны белгілі. Жақындарының айтуынша, ол аурулармен күресуді жалғастырғысы келмейтінін бірнеше рет айтқан.

Осы факті бойынша аудандық полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел уақиғаны тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Дереккөз: Inalmaty.kz