...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы түнгі атыс: полиция тексеріс жүргізіп жатыр

Алматыда полиция атысқа ұқсас дыбыстар туралы хабарламаны тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, «102» пультіне атысқа ұқсас дыбыстар туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік экипаж дереу жіберілді.

— Тексеру барысында автокөлік ұсталып, оның багажінен сыртқы түрі тапаншаға ұқсас зат және оған арналған оқ-дәрілер табылды. Иесінің айтуынша, бұл құрылғы сигналдық болып табылады және оны қаңғыбас жануарларды үркіту үшін пайдаланған, — деп атап өтті полицияда.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылды. Зат пен оқ-дәрілер тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алматы полициясы заңды сақтауға және айналадағыларға қауіп төндірмеуге шақырды.

Бұған дейін Алматыда полицейлер қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған атыс қаруы бар қойманы анықтаған болатын.

Дереккөз: Inform.kz