
Алматыда су автоматтары қала тұрмысының әдеттегі бөлігіне айналды. Қалада 600-ден астам нүкте жұмыс істейді. Бірақ мамандардың бұл судың сапасына қатысты сұрақтары бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бес литрлік ыдысты 5 минуттан аз уақытта толтыруға болады — бір кнопканы басу жеткілікті. Тұрғындар бұл құрылғыларды үйде тамақ пісіруге жиі пайдаланады. Диас Ораш есімді тұрғын: «Мен бұл автоматтардағы суды үнемі қолданамын, өйткені оны крандағы судан таза деп санаймын. Автоматта судың тазартылатыны жазылған», — дейді.
Мұндай автоматтарды орнатуды жеке заң реттемейді. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тиісті органдардан рұқсат алса болғаны. Департамент басшысының орынбасары Гаухар Каткенова: «Олар КСК немесе ОСИ-мен келісім жасап, орталық су жүйесіне қосылады. Қызмет көрсету санитарлық қызметке хабарлай отырып жүргізілуі керек. Тұрғындарға үйдегі фильтрлерді ұсынуға болады», — деді.
«Фильтрлердің тазарту және ауыстыру мерзімдері бар, біз оны бақылай алмаймыз. Біз компаниялармен келісім жасап, суды басқа тұтынушылар сияқты сатамыз», — деді «Алматы Су» ГКП директоры Серік Шағыров.
Кәсіпкер Биболат Бегалы бірнеше автоматтың иесі. Ол: «Аппараттардың ішінде арнайы фильтрлер бар. Олар зиянды заттарды жояды. Фильтрді әр 3 ай немесе 6 ай сайын ауыстырамыз», — дейді.
Орталық желідегі судың құны текше метріне 80 теңге болса, автоматтарда бір литрі 10-30 теңге. Айырмашылық айтарлықтай. Таңдау әркімнің өз еркінде.
Дереккөз: Almaty.tv