Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы келушілер үшін уақытша толық жабылды. Аумақта қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Саябақтың жабылуы реконструкция жұмыстарының басталуына байланысты. Қала тұрғындары мен қонақтарына саябаққа кіру уақытша шектелгені ескертілді.
