...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы тоғыз қабатты үйде өрт: 26 адам құтқарылды

Алматының Ақсай-1А шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ауданы 20 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар автобаспалдақ, құтқару қалпақтары және баспалдақ маршы арқылы 26 адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды. Тағы 40 адам эвакуацияланды.

Бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйде өрт болғаны хабарланған.