Алматыда Тастақ ауданындағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелері 30 маусымнан бастап бір бағытты қозғалысқа көшті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, пилоттық схема аясында:
- Қарасай батыр көшесінде – Розыбакиев көшесінен Варламов көшесіне дейінгі учаскеде батыс бағытта;
- Құлымбетов көшесінде – Варламов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде шығыс бағытта бір бағытты қозғалыс енгізілді.
Жаңа схема көлік қозғалысын ретке келтіріп, жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Бұған дейін Алматыда Жасыл базар ауданындағы екі көше, Прокофьев, Кіші Абай, Түркебаев көшелерінің учаскелері, сондай-ақ Уәлиханов, Жуков және Манаев көшелерінің учаскелері бір бағытты болған еді.
Дереккөз: Zakon.kz