...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

101 жас: Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері, майдан медбикесі Екатерина Баранова 101 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ардагерді туған күнімен Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері, әскери қызметшілер, ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтады.

Екатерина Александровна 1925 жылы 29 маусымда дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде, 1943 жылдың мамырынан 1945 жылдың желтоқсанына дейін, ол 1-Украин майданында сұрыптау госпиталінде медбике болып қызмет етіп, жараланған жауынгерлерге көмектесті.

Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірқатар жауынгерлік медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін ол Министрлер Кеңесінің ауруханасында 40 жылға жуық еңбек етті.

Кездесу барысында қонақтар Екатерина Барановаға Жеңіске қосқан үлесі мен көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық пен амандық тіледі.

Ардагер өз кезегінде өмірінің басты принципі адамдарға деген жақсы қатынас пен салауатты өмір салты екенін атап өтті.

Дереккөз: Inalmaty.kz