Алматыдағы қоймада болған ірі өрт ТЖМ күшімен толық сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланды.
Оқиға орнында ТЖД-нің 63 адамы мен 16 техникасы, Алматы ЖЭО-ның 1 техникасы мен 3 адамы, Водоканал, Алматы Тазалық, ҚТЖ өрт пойызы және автопойыз сияқты өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.
112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін оқиға орнында өртті жою бойынша жедел штаб құрылған болатын.
