Әлеуметтік желілерде куәгерлер Ақсай өзеніндегі жағдайдың бейнежазбаларымен бөлісуде. Сонымен қатар, Үлкен Алматы өзені де жағалаудан шығып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Наурызбай ауданы әкімдігінің соңғы мәліметі бойынша, жағдай тұрақты. Тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ, су басу фактілері тіркелмеген.
Тұрғындарды сабыр сақтауға, үрейге берілмеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады. Жағдай өзгерген жағдайда тұрғындар ресми байланыс арналары арқылы жедел хабардар етіледі.
1 шілде күні күндіз Алматының Наурызбай ауданы тұрғындарының телефонына су басу қаупі туралы «ұлттық ескерту» келді. Кейін ТЖМ Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын адамдарды сел қаупіне байланысты эвакуациялау туралы хабарлады.
Дереккөз: Zakon.kz