...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында жаңа шектеулер: не білу керек

Алматы метрополитенінде жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көліктік және өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында кейбір жеке жүріс құралдарын алып жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

23.06.2026 жылғы № 519-н «Алматы қаласы метрополитенінде жекелеген жүріс құралдарын тасымалдауға шектеулер енгізу туралы» бұйрыққа сәйкес, метро құрамына келесі заттарды алып кіруге және тасымалдауға тыйым салынады: электрвелосипедтер, электросамокаттар, велосипедтер (балалар велосипедтерінен басқа), роликті тақталар (скейтбордтар), электромонодөңгелектер (моноциклдер) және өзге де ұқсас жүріс құралдары.

Шектеулер келесі заттарға қолданылмайды: қаптағы бүктемелі электрлік емес велосипедтер, қаптағы бүктемелі электрлік емес жүріс құралдары, балалар арбалары, мүгедектер арбалары.

Жаңа шектеулер күшіне енді. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жалға алынатын электросамокаттарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жаңа талаптар күшіне енді.

Дереккөз: Zakon.kz