Алматыда бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған өрт сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттан алты адамды, оның ішінде бес баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өрт Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Тұрғыт Озал көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына келген бөлімшелер подъезде қатты түтінденуді анықтаған.
Өртті барлау және сөндіру кезінде құтқарушылар баспалдақпен алты адамды, оның ішінде бес баланы эвакуациялады.
Жұмысқа газтүтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны тартылды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
