...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды

Алматы метросының «Алатау» станциясында жолаушының сөмкесін тексеру кезінде қаруға арналған патрондар табылып, ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлағандай, тәртіп сақшылары көліктік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, рентген жабдығын пайдаланып тексеру жүргізген. Жолаушының сөмкесінен 5,45 мм калибрлі екі патрон табылып, тәркіленді.

«Көліктік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп полицейлер рентген жабдығын пайдаланып тексеру жүргізді. Жолаушының сөмкесінен 5,45 мм калибрлі екі патрон табылып, тәркіленді», — деп хабарлады полицияда.

Ер адам ұсталып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.