Алматылық құтқарушылар Тұрғыт Озал көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған өртті сөндірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің ресми Telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек, оқиға орнына келген бөлімшелер подъезде қатты түтін бар екенін анықтаған.
Құтқарушылар адамдарды эвакуациялап, құтқару жұмыстарын жүргізді. Жұмысқа газтүтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны тартылды.
Өртті барлау және сөндіру кезінде ТЖД күштері баспалдақпен ғимараттан 6 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ТЖД.
Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді.
