...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы өрт: сегіз үй мен алты қосалқы құрылыс оттан қорғалды

Алматының Алатау ауданында өрт сөндірушілер жалынның тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарына таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама «112» пультіне түсті. Османов көшесіндегі сайда қураған шөп өртенді.

Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті жедел оқшаулап, жалынның сегіз жеке тұрғын үй мен алты шаруашылық құрылысына таралуына жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, Қарағанды облысында шамамен 4 мың шаруа қожалығы оттан сақталып қалған еді.

Жанара Мұхамедиярова