...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Энрике Иглесиас концертінде қауіпсіздікті екі мыңға жуық полиция қызметкері қамтамасыз етеді

Испан әншісі Энрике Иглесиастың концерті 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге екі мыңға жуық полиция қызметкері тартылады. Олар күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті, көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қояды.

Стадион маңында жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Көрермендерге маршрутты алдын ала жоспарлап, орынға ертерек келу ұсынылады.

Концертке кіру 16:00-де Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі жағынан ашылады. VIP Standing санатындағы билет иелері үшін Сәтпаев көшесі жағынан жеке кіреберіс қарастырылған.

Кіре берісте бақылау ұйымдастырылады. Келушілерге іс-шараға қатысу ережелерімен алдын ала танысып, тыйым салынған заттарды өзімен бірге алмау ұсынылады.

Қоғамдық көлік, оның ішінде метро әдеттегі режимде жұмыс істейді. Концерттен кейін көрермендер үшін қосымша шаттлдар ұйымдастырылады: әуежай, Орбита, Алматы-1 вокзалы, Райымбек даңғылы — Алатау көшесі және «Алматы Арена» бағыттары бойынша.

Ұйымдастырушылар мен құқық қорғау органдары келушілерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға және полиция қызметкерлері мен бақылаушылардың талаптарын орындауға шақырады.

Концерттің басталуы 20:00-ге жоспарланған.

Еске салайық, әлемге әйгілі испан әншісі Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанада өнер көрсетті. Астанадағы концерттің қалай өткені туралы осы жерден оқыңыз.

Бұған дейін Энрике Иглесиастың қазақстандық суретшінің жұмысымен бөліскені хабарланған болатын.

Еламан Тұрысбеков