Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Орталық және Талды көшелерінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Almaty Joly Telegram-арнасында алматылықтарға ескерту жасалды: 4-13 қыркүйек аралығында Қакимбек Салықов көшесінен Жәңгір Хан көшесіне дейінгі Орталық және Талды көшелерінің учаскесінде қозғалыс шектеледі.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ақпараты бойынша, бұл шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты.
«Жұмыстарды жүргізу қажеттілігі №2353 және №2363 ЛЭП-220 кВ желілерінің зақымдануына байланысты, соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ететін 220 кВ желісінің сақиналық схемасы бұзылды. Сенімді электрмен жабдықтау схемасын қалпына келтіру үшін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандарына қысқа мерзімде Орталық және Талды көшелері ауданындағы зақымдалған кабель учаскесінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажет», — делінген хабарламада.
Жұмыстар барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тәулік бойы жүргізілетіні атап өтілді.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол маршруттарын алдын ала жоспарлап, қажетті жұмыстарды жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауларын сұрайды.
