...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Егізбаев көшесіндегі ағаш кесу жұмыстарына қатысты әкімдік түсінік берді

Алматыдағы Егізбаев көшесіндегі жаңа мектеп маңындағы учаскеде ағаш кесу жұмыстары қайта жанданды. Қалалық әкімдік бұл жұмыстардың рұқсат етілгенін және жобамен қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігіндегілер Егізбаев көшесіндегі ағаш кесуге қатысты пікір білдірді. Жұмыстар Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы берген рұқсат негізінде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Ағаш кесу Егізбаев көшесіндегі жаңа жалпы білім беретін мектепке кіреберіс жол салу жобасын іске асыру аясында заңды негізде жүргізілуде, — делінген хабарламада.

Бұған дейін учаскенің бір бөлігіндегі жұмыстар уақытша тоқтатылған еді. Себебі — жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін сатып алу рәсімі болған.

Барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң ағаш кесу қайта жанданды. Жұмыстар бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жалғасуда.

Ағаш кесу тек құрылыс жобасында көзделген аумақ шегінде ғана жүргізілетінін ерекше атап өтеміз, — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Әкімдіктегілер әрбір кесілген ағаш үшін өтемдік отырғызу қарастырылғанын айтты. Жаңа көшеттер отырғызылған соң, оларға үш жыл бойы күтім жасалуы тиіс.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, әрбір кесілген ағаш үшін міндетті өтемдік отырғызу және кейіннен үш жыл бойы көгалдандыруға күтім жасау қарастырылған, — деп түйіндеді әкімдік өкілдері.