...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда автобус әйелді қағып кетті: оқиға орнынан видео

Алматыда автобус әйелді қағып, ол оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы алдымен әлеуметтік желілерде хабар тарады, куәгерлер оқиға орнынан кадрлар жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 12:20 шамасында Бостандық ауданындағы Мұстафин көшесінде болған.

Оңтүстікке бет алған автобус жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылы туған әйелді қағып кеткен. Жарақаты ауыр болған ол оқиға орнында көз жұмды.