Алматыдағы болашақ стадионның 45 мың орынға арналған бейнесі жарыққа шықты. Бейнежазба 2026 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған, оны жасауда жасанды интеллект технологиялары қолданылған болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бейне «Алматы қаласын дамыту орталығы» (@almatydc.kz) парақшасында жарияланған. Алматыда УЕФА стандарттарына сай жаңа стадион салынатыны 2025 жылғы 26 тамызда белгілі болды.
Жаңа арена Құлжа және Талғар трактілерінің бойында салынуда. Жобаға бөлінген аумақтың ауданы шамамен 32 гектарды құрайды. Негізгі футбол аренасынан бөлек, жоба жаттығу алаңдарын, спортшылар мен командаларға арналған заманауи үй-жайларды, жанкүйерлерге арналған аймақтарды, қауіпсіздік жүйелерін, сондай-ақ іргелес аумақты кешенді абаттандыруды қамтиды.
