«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 2026 жылғы 8-10 қыркүйекте үш мегаполисте жауын-шашын күтілмейді. Сонымен қатар, ең жоғары температура Шымкентте болады – +35°C-қа дейін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Айта кету керек, ел бойынша 2026 жылғы 8, 9 және 10 қыркүйекке арналған жалпы болжамға сәйкес, синоптиктер жаңбыр мен суық ауа райының келуін болжайды.
Алматыда 8 қыркүйекте ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C болады. 9 қыркүйекте түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C. 10 қыркүйекте жел секундына 12 метрге дейін күшейюі мүмкін, түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
Астанада 8 қыркүйекте түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C. 9 қыркүйекте түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C. 10 қыркүйекте түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкентте 8-9 қыркүйекте жел секундына 8-13 метр, түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C. 10 қыркүйекте түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
