Алматыда 26 маусымнан бастап №145 және №233 автобус бағыттарының қозғалыс схемасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады қалалық көлік холдингі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
№233 бағыт Қараой ауылы арқылы өтетін учаскеде схемасын өзгертеді. Жаңартылған бағыт қоғамдық көлік қозғалысын оңтайландыруға және елді мекен тұрғындарына көлік қызметін жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ өзгерістер №145 бағытқа да әсер етеді. Ол Райымбек даңғылы бойымен батыс бағытта, Розыбақиев көшесіне дейін ұзартылады.
Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде өзгерістерді алдын ала ескеру ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz