...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы орталығында жерасты коммуникациялары өртенді

Алматының Алмалы ауданында Гагарин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жерасты коммуникациялары өртенді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Оқиға туралы хабар түстен кейін куәгерлерден түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімшелері, авариялық қызметтер мен энергетиктер дереу жетті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер қауіпті учаскені қоршауға алды, ал өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Мамандардың алдын ала мәліметі бойынша, оқиғаның себебі жерасты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Өрт жедел түрде оқшауланып, толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Inalmaty.kz